Бүкіл қазақ елі болып, екі-үш күннен бері мақтанышымызға айналған Астананың 20-жылдығын тойлап жатырмыз. Мереке аясындағы шаралардың көптігі соншалық, санынан жаңыласыз. Үлкен тойдан экс-астанамыз Алматы да шет қалған жоқ, деп хабарлайды SportX.kz.
Алатау етегіндегі мегаполисте «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үлкен мерекелік велошеру ұйымдастырылды. Алыстағы Астанаға бір табан жақындап, әсем қаланы мерейтойымен құттықтауға және велошеру арқылы ыстық сәлемін жеткізуге асыққандар қарасы көп болды. Қала көшелері арқылы өрбіген бұхаралық бәйгеге 400 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Велошеруге ұйытқы болғандар сыйылықтарын аянып қалмапты. Астана күніне арналған шараның ортасынан табылғандардың ешқайсысы үйлеріне сыйлықсыз қайтқан жоқ. Қатысушыларға Hawaii және Miami аквапарктеріне сертификаттар мен Funky Town & World ойын-сауық ораталықтарына арнайы купондар ұсынылды. Тура көмбе басында мерекелік велошеруғе қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Жолы болғандар жетектеріне тағы бір велосипедтен алса, енді біреулер үйлеріне электросамокат мініп қайтты. Таза ауада серуен құрғанды ұнататын жандар үшін бұдан артық сыйлық бар ма?