Астаналық «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымдағы алғашқы турнеге жиналуда. Клубтың жаттықтырушылар штабы алдағы ойындарға қатысатын хоккейшілер тізімін жария етті, деп хабарлайды SportX.kz.
Алдағы турне аясында «Барыс» Ресейдің үш қаласына сапар шегеді. 5- қыркүйек күні Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикпен», араға екі күн салып Қазанда «Ақ-Барспен» кездеседі. Осы сапардағы соңғы ойынды 9 — қыркүйек күні Нижний Новгородта «Торпедоға» қарсы өткізеді.
Команда сапында мұз үстінде төбелесудің асқан шебері, небір мықтыларды күрзідей жұдырығымен ұрып жығып жүретін Дамир Рыспаев және Брендон Боченский де бар.
Команданың толық құрамы мынадай:
Қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев.
Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Дамир Рыспаев, Максим Семенов.
Шабулшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Брендон Боченски, Кертис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Патрис Кормье, Иван Кучин, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Андре Петерссон, Антон Сағадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.