Жасөспірімдердің 3-жазғы олимпиадалық ойындары өз экваторына жетіп қалды. Сегіз салмақ категориясы бойынша олимпиада жүлделерін сарапқа салған дзюдошылар жарысты аяқтап та үлгерді, деп хабарлайды SportX.kz.
Жалпы дзюдо турнирінде 70 мемлекеттен 104 балуан күш сынасты. Ресми тіркелмеген командалық есепте 1 алтын және 1 күміспен бірінші орынды Қазақстан мен Ресей құрамалары бөлісті. Үздік үштікті бір алтын жеңіп алған Венгрия түйіндеді.
Естеріңізге сала кетсек, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Бекарыс Сәдуақас олимпиада чемпионы атанса, Маргарита Гриценко күміс жүлдемен марапатталды.