ЖОО-2018: Дамир Тойбай жартылай финалда

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдердің 3-жазғы олимпиадасында бокс турнирі қызған шағында. Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшымыз Дамир Тойбай байрақты доданың жартылай сынына өтті, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы жылы Венгрияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Дамир Тойбай үздік үштіктің қатарынан көрінген. Апайтөс жас батыр енді олимп шыңын бағындырмақ. Ширек сында Дамир самоалық Толауа Туиголамен қолғап түйістіруі керек еді. Бірақ турнир барысында алған жарақатына байланысты қарсыласы ширек финалдық кездесуге шыға алмады. Сол себепті жеңіс  Дамирге беріліп, жерлесіміз алдағы жартылай финалда канадалық Тетлуа Чуолмен кездеседі.

 

Пікір жазыңыз