ЖОО-2018: Дамир тағы жеңілді

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдердің III-жазғы олимпиадалық ойындарына жолы түскен боксшымыз Дамир Тойбай ақтық сында ресейлік Дроновтан ұтылып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.

Тамыз айында Венгрияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанған. Жерлесіміз талас тудырған ақтық жекпе-жектің нәтижесі бойынша ресейлік Алексей Дроновтан ұтылып қалған еді. Буэнос-Айресте екі боксшы тағы да финалда жолығып, бұл жолы да ресейлік боксшының мерейі үстем шықты.Не керек екі айдың ішінде екі боксшы өзара екі рет кездесіп, сол екі жекпе-жекте де біздің Дамир ұтылып қалды. Күміс жүлдені місе қылған Дамир Тойбай,бітіспес қарсыласына айналған Дроновпен сәті келсе үшінші рет күш сынасуды асыға күтетін болады.

Пікір жазыңыз