Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізді. Бакудегі бәсекеде 1:3 жерлестеріміздіің мерейі үстем болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Жолдастық матчтағы алғашқы голды біздің футболшылар салды. Кездесудің 8-минутында Біржан Оразов есеп ашса, араға бір минут салып Шыңғыс Есенаманов таблодағы есепті еселей түсті. Көп ұзамай алаң иелері Хатай Багировтың күшімен есепті қысқарта алды. Дегенмен керек кезінде шабуылға араласып жүретін ұлттық құрамамыздың қақпашысы Игито тағы да мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп-1:3.