Аргентиналық «Университарио» мен «Либертад» әйелдер футбол клубтары арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz
Бәленің бәрі пенальтиден басталған. Төреші шешімімен келіспеген «Университарио» клубының футболшысы балағат сөздермен қарсылас команданың бапкеріне тап береді. «Либертада» футболшылары да қарап қалмады. Не керек сөзден іске көшкен екі жақ, жасыл алаңды шаршы алаңға айналдырды. Бұрымды футболшылар төбелестен де мықты екен. Әдетте, әйелдердің шаш жұлысатыны бар емес пе? Бұлар олай емес нағыз жігіттерше төбелес көрсетті. Аяқ пен қолды бірдей жұмсайтын спортшылар кәнігі көше бұзықтарынан да асып түсті. Оларды ажыратуға асыққан ешкім болмағаны да қызық. Жаппай төбелес соңынан төрт бірдей футболшы емханаға түскен.