Республикалық статусқа ие болған Шымкент шаһарында теннистен халықаралық турнир жалауын көтерді. ITF санатындағы жарыста жиырма елден 100 тарта теннисшілер бақ сынасуда, деп хабарлайды SportX.kz.
Шымкентте спорттың осы түрі жақсы жолға қойылған.Заман талабына сай салынған Ұлттық теннис орталығында, екі жылдан бері жұлде қоры 50 000 долларды құрайтын АТР Челлендж аясындағы сериялық жарыстар өткізіліп келеді. Сонымен қатар Азиялық теннис орталығы деген жоғары статусқа ие. Шымкенттік теннисшілердің жетістіктері өз алдына бір төбе. Былтыр Дастанбек Ташболатов АҚШ тағы Orange Bowl (ресми тіркелмеген жасөспірімдер арасындағы әлем чемпитонаты саналады) турнирінде жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ ITF аясындағы халықаралық турнирлер де ерекше көзге түсіп жүрген Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова, Бекзат Усіпбеков, Ерасыл Мұрат секілді талабы таудай теннисшілерді атап кетуге болады.
Шымкенттегі ITF Juniors G3 турниріне бірінші нөмірмен терілген Дастанбек Ташболатов, алғашқы сыннан сүрінбей өтті.