Бангкокта мәресіне жеткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Ғалымбек Кенжебаев пен Алмас Қуатбековтің шәкірттері басқаларды шаң қаптырды. Боз жігіттеріміз тұғыр төріне алты, ал бұрымды қыздарымыз тұғыр төрт рет көтерілді. Сондай-ақ ел қоржыны бұдан басқа 4 күміс және 4 қоламен толықты. SportX.kz. ҚР бокс федерациясы баспасөз қызметі .
Жүлде саны бойынша Азияның азулы саналатын мықтыларын артқа тастаған жас былғары қолғап шеберлеріміздің бұл жетістігі, қазақ бокс мектебінің мәртебесін бір көтеріп тастады. Азия чемпионатын қабылдаған Тай елінің жастары төрт алтынмен шектелсе,Үндістан-3, ал Өзбекстан, Солтүстік Корея және Вьетнамның есебінде 1-алтын.
Өз салмақ дәрежелерінде топ жарған Махмут Сабырхан (49),Талғат Шәйкен(64), Ермахан Жақпеков (69), ,Сағындық Тоғамбай (81), Айбек Оралбай (91), ДамирТойбай (+91), Жансая Әбдірайымова (51), Надя Рябец (75), Гузаль Садықова(81) және Дина Исламбекова (+81)Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Азия чемпионатында жүлдеге іліккен 18 боксшымыздың бәрі, тамыз айында Венгрияда жалауын көтеретін әлем чемпионатына жолдама алды.