Су добынан Қазақстан қыздар құрама командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды SportX.kz.
Ташкентте бас қосқан сары құрлықтың үздік төрт құрамасы өзара мықтыны анықтады. Айналым жүйесіне негізделген жарыс нәтижесі бойынша Қытайдың жастар құрамасы топ жарып, Азияның 2018 жылғы чемпионы атағын жеңіп алды. Жапонияның су добы шеберлері екінші, ал Қазақстан құрамасы тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Реті келгенде айта кетсек артық болмас, жақында ғана Джакартада жалауын түсірген жазғы Азия ойындарында еліміздің әйелдер құрамасы күміс, ал жігіттеріміз қатарынан үшінші рет мәртебелі ойындардың жеңімпазы атанған болатын.