Жарайсың,Чугай!

Бұл күндері Швейцарияның Эгль қаласында жасөспірім велошабандоздар велотректен әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салуда. Қазақстандық Андрей Чугай ел қоржынына алғашқы медальды салып берді, деп хабарлайды SportX.kz.

Андрей Чугай «кейрин» жаттығуы бойынша өткен сында үшінші нәтиже көрсетіп, байрақты доданың қола жүлдесін иеленді. Бұл сында әлем чемпионы атағын чехиялық Якуб Стастны жеңіп алса, үндістандық Эсов Эсов күміс медальға ие болды.

Осы күні бұрымды шабандоздар скрэтч және командалық спринттен жарысқа түсті. Скрэтчтен өткен бәсекеде оңтүстік кореялық Джиюн Шин өзгелерге дес бермеді. Польшаның өкілі Марта Яскульска екінші, ал германиялық Катарина Хешлер тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Қыздар арасындағы командалық спринтте үздік нәтиже көрсеткен Германия құрамасы мәре сызығын бірінші кесті. Екінші және үшінші орындарды Қытай мен Польша  бөлісті.

Боз балалар арасындағы командалық спринттен өткен жарыста, әлем чемпионатының алтын жүлдесін  француздар иеленді. Польша екінші нәтиже көрсетсе, қола медаль Ресей құрамасына бұйырды.

 

Пікір жазыңыз