Жарайсың, Ілияс!

Алматыда спорттық гимнастикадан ел чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Жарыс бағдарламасының соңғы күні гимнастшылар жекелеген жаттығулар бойынша сынға түсті. Мұның алдында көпсайыстан үздік атанған алматылық Ілияс Әзизов, еркін жаттығуда да алдына жан салмады. Милати Карими мен  Андрей Лунгул өзара екінші және үшінші орындарды бөлісті. Атпен жаттығуда ұлттық құраманың лидері Нариман Құрбанов топ жарса, одан екі жарым ұпайға қалып қойған Ілияс , бұл сында екінші орынды қанағат қылды. Шымкенттік гимнастшы Фарух Нәбиевтің еншісінде қола медаль.

Спорттық гимнастикадан ел чемпионаты. Жекелей сын.

Еркін жаттығу:

1. Ілияс Әзизов (Алматы)

2. Милати Карими (Алматы)

3. Лунгул Андрей (Қостанай)

Атпен жаттығу:

1. Нариман Курбанов (Алматы)

2. Ілияс Әзизов (Алматы)

3. Фарух Набиев (ОҚО)

Шығыршық:

1. Лунгул Андрей (Қостанай)

2. Дмитрий Патанин (Астана)

3. Ербол Жантықов (Алматы)

Керме (перекладина)

1. Фарух Набиев (ОҚО)

2. Ербол Жантықов (Алматы)

3. Жайық Ғалиев (Алматы)

Қоссырық

1. Ербол Жантықов (Алматы)

2. Ильфрат Имарджанов (Алматы)

3. Лунгул Андрей (Қостанай)

Қолды тіреп секіру:

1. Лунгул Андрей (Қостанай)

2. Фарух Набиев (ОҚО)

3. Жайық Ғалиев (Алматы)

 

Пікір жазыңыз