Жарайсың, Айда!(ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл жолы Айда Сатыбалдинова Тихуан қаласында (Мексика) жергілікті боксшы Вероника Вальтиеррамен қолғап түйістірген. Мексикалық  жанкүйерлердің өкіншіне орай  кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бәсекенің екінші раундында қазақ қызының ауыр соққысына төтеп беруден қалған Вероника техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісін атап өткен Сатыбалдинова, алғаш рет қарсыласын нокаутпен ұтып отыр.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде Айда қарындасымыз Корпус-Кристиде (Техас штаты, АҚШ) жеңілістің ащы дәмін татпаған америкалық Селина Барриостан (5-0, 2 КО) нокаутпен жеңіліп қалған еді.

Пікір жазыңыз