Жансел Сербияда топ жарды

Таэквондодан Белградта мәресіне жеткен халықаралық турнирде атыраулық ару Жансел Дениз бас бәйгені иеленді, деп хабарлайды SportX.kz.

Азия ойындарының күміс жүлдегері Сербиядағы жарыста қарсыластарына дес бермей 73 келі салмақ дәрежесінде турнир жеңімпазы атанды. Іріктеу жекпе-жектерінде Испания және жергілікті таэквондошылардан мерейін асырған қазақ қызы,жартылай финалда 4:2 есебімен франциялық Меллиер Маевадан айласын асырып кетті. Ақтық сында Жанселмен қарсыласып баққан тағы бір франциялық спортшы Солене Абоулете де өзгелердің жолын құшты. Финалдық кездесудің нәтижесі -5:3.

 

Пікір жазыңыз