Әлеуметтік желілерде (Ztb_video) кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың белгісіз біреулермен ерегісіп қалған сәті жазылған видео таралды.Жаға-жыртысудың соңы тапаншадан оқ атуға дейін барған, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұл оқиға Алматыда орын алған. Бейнематериалда әйгілі боксшымен әлденге келісе алмаған жігіттер, сөз жарысты былай қойып, дау-дамайдың соңынан тапаншадан оқ атқан. Абырой болғанда Жанқош дін-аман. Атақты спортшы өзіне қарсы атылған оқтан жалтарып үлгерген.Мұндай да жұрттың аузына қақпақ болу мүмкін емес. Кейбіреулер бұл оқиғаны әдейі ойластырылған қара PR деп отыр.
Жанқош Тұраров кәсіпқой боксшы ретінде 37 кездесу өткізіп,оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.Соңғы рет Тұраров Алматы шаршы алаңында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэймен 21-5-0, 18 КО) кездесіп, төрешілер шешмімен жеңіске жеткен еді.
Жанқоштың шаршы алаңнан көрінбей кеткеніне он айдың жүзі болып қалыпты.Жалпы Жанқошты сыпайы, тәрбиелі һәм сабырлы жігіт ретінде танимыз.Осы күнге дейін ол жайлы жаман сөз естіген емеспіз.