Жәнібектен жеткен жылы жаңалық

Әуесқой бокстан Алматыда (2013 жыл) өткен әлем чемпионатында топ жарған жетісулық саңлақ Жәнібек Әлімханұлы, бұл күндері кәсіпқой боксты жағалап жүрген жайы бар.Талантты боксшы аты-шулы америкалық промоутер Боб Арум негізін қалаған, әйгілі Top Rank Promotions компаниясымен келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстан боксы үшін бұл өте бір қуанышыты жаңалық. Әйгілі проумотер әрі іскер Боб Арум құрған төрткүл дүниеге танымал компанияның есігін қаға алмай жүрген боксшылар жетіп артылады.Америкалық промоутер осы күнге дейін әлем чемпионы атағы үшін төрт жүзден астам бокс жекпе- жектерін ұймдастырған. Оның ішінде Мохаммед Әли,Мэнни Пакьяо, Флойд Мейвезер, Джордж Форман, Джо Фрезер, Оскар Де Ла Хойя, Хулио Сесар Васкес және басқа да жұлдыздардың қатысуымен өткен чемпиондық белбеу жолындағы  матчтарға ұйытқы болған.

Осы күнге дейін Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан екі кездесу өткізіп,оның екеуінде де қарсыластарына дес берген жоқ.

 

Пікір жазыңыз