Жәнібек үшінші жекпе-жегіне дайындалуда

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (2-0, 1 КО) 28 қыркүйек күні колумбиялық боксшы Карлос Галванмен күш сынасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жәнібек Әлімханұлын қазақ боксының жанашырлары жақсы біледі. Жетісулық батырдың әуесқой бокстағы табысы өз алдына бір төбе. Ел чемпионатында бірнеше жыл билік құрған Жәнібек, Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге лайық өнер көрсетті. О бастан ауыр соққыларымен ерекшеленетін Әлімханұлы, кәсіпқой боксқа ден қойғалы бері екі жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде де қарсыластарын ұрып жықты. 2016 жылдың қазан айында колумбиялық Милтон Нуньесті бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтса, былтыр  жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жекте бразилиялық боксшы Жильберто Перейрадан айласын асырды. .

Жәнібек өнерін ортаға салатын алдағы бокс кеші 28- қыркүйек күні Окленд (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Бұл — Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. Қарсыласы колумбиялық боксшы Карлос Галван.  Аты-жөні көпшілікке белгісіз демесеңіз, Галван қатардағы боксшыға ұқсамайды. Өйткені шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, оның 16-да жеңіске жеткен. Мейлі ол қандай боксшылармен кездеспесін, бірақ бұл жаман көрсеткіш емес. Наурыз айында өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Карлос Галван америкалық  Вилли Монродан ұтылды. Өз кезегінде Вилли Монроның  2015 жылы біздің Генадий Головкинмен жұдырықтасқанын айта кетейік.

 

Пікір жазыңыз