Ертең кәрі құрлықта велоспорттан тағы бір жарыстың жалауы көтеріледі.Отандық «Астана» клубының шабандоздары да алдағы додада бақ сынап көрмек, деп хабарлайды SportX.kz.
Францияның оңтүстігіндегі тарихи аймақтың жолдарын басып өтетін велодода, көпке дейін «Рют дю Сюд» деп аталып келген.Дәстүрлі жарыс14-маусым күні басталып,алдағы жексенбі күні мәресіне жетеді.»Астана» командасы алдағы велосайысқа қатысатын команда сапын жариялады.
Команда құрамына- Сергей Чернецкий, Жандос Бижигитов, Евгений Гидич, Морено Мозер, Бахтияр Кожатаев, Луис Леон Санчес және Никита Стальнов еніпті.