«Снежные Барсы» (Астана) мен «Алтай» (Өскемен) жаңа маусымға дайындық аясында өзара жолдастық кездесу өткізді. «Барыс Арена» мұз айдынында өткен матч тең ойынмен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.
Кездесудің 6-минутында Саян Даниярдан жеткен пасты «Алтайдың» қақпасын дәл бағыттаған Самат Данияр алаң иелерін алға шығарды. Дегенмен қарап қалмаған қонақтар көп ұзамай-ақ таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл эпизодта Роман Епишев бастаған шаубылды нәтижелі соққымен аяқтаған Анатолий Шишов мергендік танытты. Кездесудің екінші бөлігінде оңтайлы сәтті бос жібермеген Епишев алаң иелерін ойынды ортадан бастауға мәжбүрледі. Әйтседе таразы басын теңестіруге күш салған алаң иелері шешуші кезеңде өз дегендеріне жете алды. Саян Данияр мен Артур Гатиятов ұйытқы болған комбинацияны голға асырған Батырлан Мұратов бүгінгі ойынға нүкте қойды. Осылайша өрбіген жолдастық матч атына сай тең ойынмен аяқталды.
«Снежные Барсы» (Астана) — «Алтай» (Өскемен) 2:2 (1:1, 0:1, 1:0)
1:0 — Данияр Самат. (Данияр Саян.) — 06:24
1:1 — Шишов (Епишев) — 13:14
1:2 — Епишев (Гришанов) — 38:33 ГБ
2:2 — Мұратов (Гатиятов, Данияр Сн.) — 40:55
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»