22-жасар ақмолалық бұрымды боксшының әлемдік додаға жасаған алғашқы сапары сәтті шықты. 60 келіде бақ сынаған Карина Ибрагимова Нью-Дели шаршы алаңында төрт кездесу өткізді. Алғашқы үш жекпе-жектің бірінде жерлесіміз 5:0 есебімен 2016-жылғы әлем чемпионы қытайлық Венлю Янгтен алда болды.
Карина Ибрагимова ақтық сынға жол ашатын бәсекеде ирландиялық Келли Харрингтонмен кездескен. Үш раундтың қорытындысына баға берген әділ-қазылар алқасы бұл кездесуде жеңіске еуропалық боксшы лайық деп шешіпті.
Бүгінгі жартылай финалдық бәсекелердің бірінде Жайна Шекербекова қарындасымыз жапониялық Цукими Намикимен қолғап түйістіреді. Сонымен Қазақстан құрамасы Үндістандағы чемпионаттан екі медаль олажалап отыр. Бірі қола,ал екінші медальдың сапасын бүгін немесе алдағы күндері білетін боламыз.