Зарина тоғыз сатыға төмен сырғыды

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңа рейтинг кестесі жарияланды.Бұған дейін 45 орында болған Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс, өкінішке 54-сатыға түсіп қаллды, деп хабарлайды SportX.kz.

Топ басындағы үздік үштік Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания) және Гарбинье Мугуруса (Испания) жылы орындарын сақтап қалды. Зарина үздік елу теннисші қатарынан шығып қалса, қазақ теннисінің тағы бір  өкілі Юлия Путинцева, тек бір сатыға төмендеді. Путинцева жаңа рейтингте 57-орынға тұрақтады.

Жұптық разрядтағы рейтингте жерлесіміз Галина Воскобоева,бұрынғы көрсеткішін 26 позицияға жақсартты. Өз кезегінде Зарина Диястың да  жұптық бәсекедегі позициясы едәуір жоғарылады.

Пікір жазыңыз