Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарттағы дәстүрлі турнирдің екінші айналымында,«Ролан Гарростың» былтырғы жеңімпазы Елена Остапенкоға есе жіберді. SportX.kz.
Екі теннисші арасындағы ширек финалға жол ашатын бәсеке 2:0 есебімен латыш қызының пайдасына шешілді. Алғашқы сет 6:3 есебімен ұтқан Остапенко,келесі партияда біздің Заринаға бір де бір гейм бермей таза ұтты.
Германиядағы турнирдің негізгі додасына іріктеу бәсекелері нәтижесінде жолы түскен Дияс , алғашқы кездесуде неміс теннисшісі Карина Витхефті ұтқанын да айта кетейік.