Жапонияның Хиросима қаласында жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын теннис турнирі өтіп жатыр. Осы турнирдің былтырғы жеңімпазы жерлесіміз Зарина Дияс алғашқы айналымды сәтті аяқтады, деп хабарлайды SportX.kz.
Зарина бірінші айналымда испаниялық теннисші Сара Соррибес Тормодан алда болды. Екі сеттегі бәсекеде қарсыласына бары-жоғы үш гейм берген Зарина айқын басымдықпен жеңіске жетті. 1 сағат 8 минутқа жалғасқан матчтағы есеп — 6:2, 6:1. Қазақстанның екінші ракеткасы келесі турда қытайлық Чжан Юйсюань мен украйналық Катерина Козлова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Өз кезегінде еліміздің үздік теннисшісі Юлия Путинцева Хиросимадағы алғашқы ойында словак теннисшісі Анне-Каролина Шмидловадан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.
Биылғы турнирде ұзын-саны 28 теннисші өнер көрсетуде. Дәстүрлі дода 16 -қыркүйекке дейін жалғасады.