Қазақ дзюдошылары 27-29 шілде күндері Хорватия астанасы Загребте өтетін әлемдік Гран-Приге дайындалуда. Алдағы мәртебелі турнирде 81 елден 557 үміткер бақ сынауға ниет білдіріпті, деп хабарлайды SportX.kz.
Загребте Қазақстан құрамасы сапында ұзын-саны он бес балуан өнер көрсетеді. Олардың арасында қазақ дзюдосының бүгінгі мақтанышы Галбадрах Отгонцэцег те бар. Ендеше Гран-Приде белдесетін команда құрамымен таныс болыңыздар:
Ерлер:
Рустам Ибраев (60 кг)
Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
Нұрлан Оразалин (73 кг)
Бекжан Абдуалиев (81 кг)
Қырықбай Ғалымжан (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Камшат Қарасайқызы (52 кг)
Севара Нишанбаева (57 кг)
Иоланта Бердибекова (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)
Аэлита Щербакова (70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг)