Юлиядан не күтеміз?

Биылғы «Ролан Гарросқа» жолы түскен үш теннисшіміздің екеуі, алғашқы айналымнан аса алмады.Ендігі жалғыз үмітіміз- Юлия Путинцева.  Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 18:00  жерлесіміз америкалық теннисші Мэдисон Киспен бәсекеге түседі, деп хабарлайды SportX.kz. 

Путинцева мәртбелі турнирдің ширек финалында осымен екінші рет бақ сынамақ.2016 жылы ашық чемпионаттың ширек финалына жетіп жығылған еді. Араға екі жыл салып Юлия жарыстың  келесі раундына көтерілетін тағы бір мүмкіндікке қол жеткізіп отыр.Өз дегеніне жету үшін қазақстандық теннисшіге  бүгінгі ойында америкалық қарсыласы Мэдисон Кисті ұту керек.Статистикалық мәліметтерге көз сала кетсек, Юлия мен Мэдисон өзара үш мәрте кездесіпті. Оның екеуін есепке алмасақ та болады. Өйткені бұл екі кездеу жасөспірімдер арасындағы турнирлердің есебінде. Ал кәнігі кәсіпқой теннисшілер ретінде тек бір рет жолдары түйісіп, 2016-жылы өткен бұл бәсекеде  Путинцева жеңіске жетіпті. Антропометрикалық яғни дене бітімдерін алып қарағанда, Мэдисонның бойы Юлиядан әлдеқайда биік.  Дәлірек айтсақ, Юлияның бойы -163см, ал Мэдисондікі-178см.

WTA рейтинг кестесінде біздің Юлия әзірге 93-сатыға жайғасса, Мэдисон Кис — 13 орында.

 

Пікір жазыңыз