Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық матчы қай елде және қашан өтетіні жөнінде әзірге ешқандай мағұлмат жоқ. Бір білетініміз шешуші сын Қазақстан мен Кубада өтпейтіні анық, деп хабарлайды SportX.kz.
Былтырғы жетінші маусымның ақтық матчы Астанада өткенінен,біздің бокс сүйер қауым жақсы хабардар болса керек. Ол жолы да мәртебелі серияның ақтық сынында «Астана Арланс» пен «Куба Домадорес» кездесіп, шиеленіске толы матч қазақ боксшыларының жеңісімен аяқталған еді.
Отандық клубтың бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековтің шәкірттері бұл күндері алдағы жауапты бәсекеге қызу дайындалу үстінде. Өз кезегінде бас жаттықтырушы: » Финалдық сын Дубай немесе Қытай елінде өткізілуі әбден мүмкін. Дегенмен алдағы матч қай жерде өтпесін, біздің команда WSB төрт дүркін чемпионы атану үшін бар күшін салып бағады» -дейді.
«Астана Арланс» пен «Куба Домадорес». арасындағы финалдық матчқа қатысты толыққанды мағұлматты алдағы бір апта ішінде білетін боламыз.