Бүгін биылғы маусымдағы соңғы гранд-тур «Вуэльта» жалауын көтереді. Осымен 73-рет өткізілетін Испанияның көпкүндік супервелододасында 22 велокоманда сапында 176 шабандоз бақ сынауға дайын, деп хабарлайды SportX.kz.
Жарыс алдында мамандар биылғы гранд-турдың басты үміткерлерін атады. Велоспорт әлемінде көрген-білгендері көп һәм тәжірибелі мамандар, алдағы доданың ең басты үміткерлері деп бес шабандозды атап отыр. Олардың қатарында отандық велоклубтың шабандозы да бар. «Астана» сапындағы 24-жасар колумбиялық Мигель Анхель Лопесті, мамандар бұл тізімде екінші қатарға қойыпты.
Винченцо Нибали (Bahrain Merida)
Мигель Анхель Лопес (Astana Pro Team)
Наиро Кинтана и Алехандро Вальверде (Movistar)
Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott)
Фабио Ару (UAE Team Emirates)
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»