Көпкүндік супервелодода «Вуэльтаның» үшінші кезеңінде италиялық шбандоздар озды, деп хабарлайды SportX.kz.
Quick-Step Floors велоклубыныің өкілі Элия Вивьяни мәре сызығын бірінші кессе, оның отандасы Джакомо Ниццоло Trek-Segafredo екінші ,ал словак Петер Саган BORA — HANSGROHE үшінші нәтиже көрсетті. Астаналықтар бұл жолы үздік отыздың қатарынан көріне алмады.
Артта қалған үш кезеңнің нәтижесі бойынша поляк Михайл Квятковски Team Sky көш бастап тұр. Бүгін шабандоздарды 162 шақырымды құрайтын жарыс жолы күтіп тұр.