Вуэльта-2018: Көпкүндік велодода мәресіне жақын

Аустралиялық шабандоз Рохан Деннис гранд -турдың 16 кезеңінде алдына жан салмады. Жекелей сыннан өткен бәсекеде ВМС клубының өкілі ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Жеңімпаз жарыс жолын 37 минут және 57 секундта еңсерсе, екінші орын иеленген оның командалас әріптесі америкалық шабандоз Джоэй Росскопф мәреге 50 секундқа кешігіп жетті. Алғашқы үштіктің қатарын испаниялық Хонатан Кастровьехо толықтырды. Ол да  Деннистен 50 секундқа қалып қойды.

Astana Pro Team өкілдерін жоғары лектен көре алмадық. Команда капитаны колумбиялық Мигель Лопес 31-орынды місе қылды. Ол жеңімпазға 2 минут 19 секунд ұтылды. 

Генералдық тізімде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Әзірге алтыншы келе жтақан Мигель Лопес көш бастап тұрған Саймон Йейтстен әзірге 1 минут 34 секундқа қалып келеді.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз