Халықаралық велошабандоздар федерациясы (UCI) өткен апта нәтижесі бойынша WorldTour жекелей және командалық рейтингін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.
Жеке сын бойынша астаналықтар арасында голландиялық велошабандоз Михаэль Вальтрон озып тұр. Жаңартылған рейтингте бір саты төмен сырғыған Вальтрон,1258 ұпаймен 16-орынға жайғасыпты. «Астана» намысын жыртып жүрген оның отандасы Якоб Фульсанг (1159) үздік жиырманың қатарынан табылса, отандасымыз Алексей Луценко 82 ұпаймен 173 орында. Жекелей сында әзірге словак Петер Саган (2752) дес бермей тұр.
Командалық рейтингте «Астана» (5656) өткен аптамен салыстырғанда екі позиция жоғалтқан. Жаңартылған тізімде отандық клуб 18 команда арасында тоғызыншы орынға тұрақтапты. Көш тізгіні бельгиялық Quick-Step (11261) қолына өтіпті.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»