Велоспорт: Астаналық шабандоздар ерледі

Көпкүндік «Швейцария турында «отандық велоклуб тамаша өнер көрсетті. Жалпы есепте командалық бірінші орынды иеленсе, команда лидері Якоб Фульсанг жекелей сын бойынша «тұғырдың екінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.

«Үлкен құрық» аясындағы төрт турнирдің алды саналатын «Тур де Франстың» дүбірі жақындап қалды. Сондықтан болар «Тур де Франс» қарсаңында өткізілген «Швейцария туры», кез-келген команда үшін үлкен дода алдындағы ең маңызды сынақ болып табылды.

Сегіз кезеңнің нәтижесі бойынша «Астананың» капитаны Якоб Фульсанг, генералдық тізімде алтыншы орында келе жатқан. Дегенмен жекелей сыннан өткен соңғы жарыс күні, басты қарсыластарын артқа тастаған даниялық велошбандоз, қорытынды есепте жүлделі екінші орынды иеленді. Көпкүндіктің бас бәйгесі аустралиялық Ричи Порттың (ВМС) еншісіне  бұйырса, үздік үштікті Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») түйіндеді.

Жалпы есеп:

1. Ричи Порт (Аустралия, ВМС) — 29:28:05
2. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») — +1:02
3. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — +1:12

11. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +3:07
24. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») — +9:47
62. Магнус Корт (Дания, «Астана») — +46:22
67. Омар Фраиле (Испания, «Астана») — +50:56
85. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — +1:09:42
97. Оскар Гатто (Италия, «Астана») — +1:16:16.

 

Пікір жазыңыз