Үстел теннисінен Ресей Суперлигасында бақ сынап жүрген «Астана» командасы бірсыдырғы өнер көрсетуде. Елордалық теннисшілер Суперлиганың турнир кестесінде әзірге бесінші орында келеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Чемпионаттың екінші туры аясындағы соңғы екі матч тартысқа толы болды. Айя Әлімбаева, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Хусейнова және Анастасия Хусейнова сынды теннисшілеріміз екінші турдың соңғы күні испаниялық командадан басым түскенімен, келесі бәсекеде 2:3 есебімен «МФНТ-Кадет» (Мәскеу) клубынан ұтылып қалды.
Жалпы Континенталдық Ресей Суперлигасында он алты команда күш сынасуда.
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»