Ұлттық лиганың ақтық додасы Португалияда өтеді

Ирландияның бас қаласы Дублинде Ұлттық лиганың ақтық кезеңінің жеребе тастау рәсімі өтті, деп хабарлайды SportX.kz.

Мәртебелі турнирдің шешуші ойындары Португалияның Порту және Гимарайнш қалаларында өтеді. Жеребе нәтижесі бойынша жартылай сынның бірінде Португалия мен Швейцария кездессе, екінші жұпты Нидерланды мен Англия құрады.

Португалия мен Швейцария 5- маусым күні теңбіл допты ортаға алса, келесі күні жасыл алаңға Нидерланды мен Англия шығады. Финалдық және үшінші орын үшін өтетін кездесулер 9-маусымға жоспарланған.

Мини-турнирдегі бәсекелер «Драгау» және «Афонсу Энрикиш»  стадиондарында өтеді. Кездесу барысында төрешілер VAR — бейнеқайталау жүйесіне жүгіне алады. 

 

 

Пікір жазыңыз