Дүниежүзі бойынша ең танымал әрі ең табысты промоушен (UFC) қожайыны Дэйн Уайт, ұлының туған күнін есте қалатындай атап өткен. Эйданның 16 жасқа толу кеші Лас-Вегастағы Drai’s түнгі клубында өтіпті, деп хабарлайды SportX.kz.
Әйгілі клубты жалға алған Дэйн Уайт, ұлы үшін аянып қалмаған. Клуб шатырында орналасқан бассейндегі мереке алты сағатқа созылған. Кештің арнайы қонақтары арасында хип-хоп жұлдыздары Migos и A$AP Rocky, Дэйннің ескі достары Everlast және DJ Carnage болыпты. Қолда барын өз баласынан аясын ба, Дэйн UFC чемпиондарына табыс етілетін ерекше стильдегі белбеуді баласының беліне тағып, астына Land Rover Defender маркалы темір тұлпар мінгізіпті. Әйгілі промоушенде өнер көрсететін сарбаздар Уайтты көп мақтамайды. Олар қожайындарын гонорарды аз төлейді деп кінәләйді. Бірақ өзінің балалары үшін Уайт ешқашан аянып қалған емес.
Дэйннің ұлы да спорттан алыс емес. 16-жасар Эйдан биыл әуесқой бокстағы алғашқы қадамын жасады.