6- қазан күні Лас Вегастағы «Ти-Мобайл-аренада» (Невада штаты, АҚШ ).UFC (Ultimate Fighting Championship) чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен осы ұйымның экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор өзара күш сынасады. Осыған орай UFC титулдық жекпе-жекке төрелік ететін әділ-қазылар құрамын бекітті, деп хабарлайды SportX.kz.
Көрермендер асыға күткен жекпе-жектің ауылы алыс емес. Тағы бірер жұмадан кейін Хабиб пен Конор арасындағы бәсекенің жеңімпазын білетін боламыз. Бір қызығы екі мықтыңыз октагонға шықпай-ақ яғни күш сынасып көрместен-ақ бітіспес қарсыластарға айналды. Олардың төбелесін күтіп жүргендер күн санап көбейіп, матчқа деген қызығушылық артып келеді. Бұл жерде өзін-өзін жарнамалау арқылы алдағы матчтың маңыздылығын арттырып жүрген МакГрегордың бармағаны амалы жоқ. Аузына келгенін оттайтын қаны қызу ирландиялық сарбаз, 6- қазан күні дағыстандық жігітті тас-талқан ететіндей сыңай танытудан танар емес.
Қош, сонымен UFC бекіткен әділ-қазылар алқасымен танысайық. Октагонда төрелік ету міндеті 47-жасар Херб Динге жүктеліпті. Осы қызметі үшін Динге 1900 $ сыйақы тағайындалған. Қапталдағы төрешілер- Дерек Клири, Сэл Д’Амато және Юничиро Камихо. Олардың әрқайсысы осы кеш 1600 $ көлемінде еңбекақы алады.