УЕФА: Билеттердің ең арзаны-1500 теңге

УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясындағы «Астана» — «Ренн» (Франция) матчының билеттері он-лайн сатылымға шықты, деп хабарлайды SportX.kz.

Еліміздің чемпионы 4-қазан күні өз алаңында франциялық «Ренн» клубын қабылдайды. Осыған орай футбол сүйер қауымды сатылымға түскен билеттер құнынан хабардар еткенді жөн көрдік.

Матчтың ең арзан билетінің құны – 1500 теңгені құрайды.  Бұл стадион бұрыштарында орналасқан 5-ші категориялы секторларға берілетін билетттердің құны.

Қақпалардың ту сыртындағы секторлардағы билеттер құны – 2 000 теңге

3-ші санаттағы билет құны – 3 000 теңге, 2-ші санат – 5 000 теңге және ең жайлы және тамаша көрініс сыйлайтын орындардың бағасы – 7 500 теңге

Астаналық футбол баһадүрлері Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчында Киевте жергілікті  «Динамомен» тең ойнап, қоржынға бір ұпай салып қайтқан еді. Осы топтың фаворитінен ұпай алған «Астананың» аяқ-алысы бәрімізді де қуантып отыр. Енді «Реннмен» өтетін алдағы бәсекеден де нәтижелі ойын күтетін боламыз. Матч 4-қазан күні  «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты 20:00.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз