Бас қаламызда теннистен Президент Кубогы сарапқа түсуде. Қазақстандық теннисшілердің алды алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды SportX.kz.
Дәстүрлі турнирге биылғы жыл отыз елден 100 ден астам үміткерлер жиналыпты. Олардың алды жарыстан қол үзіп те үлгерді. Александр Недовесов пен Анна Данилина жекелей сын бойынша бүгін өздерінің кезекті ойындарын өткізеді. Жұптасып өнер көрсетуден жерлесіміз Тимур Хабибуллин турнирдің ширек сынынан орын алды. Жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайтын турнир алдағы жексенбіге дейін жалғасады. Әрине, жарыстың жүлде қоры кез-келген теннисшіні қызықтыратыны анық. Бірақ олар үшін әр турнирден рейтингілік ұпай жинау анағұрлым маңыздырақ. Астанаға жолы түскен теннисшілердің басты мақсаты да сол. Осы жағын ескерген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де Астана корттарында күш сынасуда.