Киевтің «Динамосы» мен «Астана» арасындағы Еуропалық Лиганың топтық кезеңі аясындағы бірінші турдың матчына әділ-қазылық етуге түркиялық төрешілер бригдасы бекітіліпті, деп хабарлайды SportX.kz.
Матчқа бас төреші болып Халис Озкахья бекітілген. Оған алаңның қос қапталында Джейхун Сесигузэль мен Хакан Емишкен көмектеседі.
Халис Озкахья- Еуропадағы танымал және шеберлігі ұшталған тәжірибелі төрешілердің бірі. Биыл түркиялық маман Еуропа Лигасының біліктілік турнирі аясында өткен Польшаның «Легиясы» мен люксемургтік «Дюделанж» арасындағы матчқа төрелік етті.
Сонымен қатар Озкахья ӘЧ дәмін татқан төреші. 2013 жылы түрік ағайын Германия мен Қазақстан арасында өткен ӘЧ іріктеу матчына әділ-қазылық жасаған. Сырт алаңда өткен бәсекеде біздің футболшылар 4:1 есебімсен ұтылып қалған болатын.
Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»