«Тур де Франс»: Таудағы тайталас

Таулы жолдарды кесіп өткен 10-кезеңнің бас жүлдесін француз Жулиан Алафилипп  (Quick-Step Floors) иеленді.  Алафилипп француздар арасынан биылғы «Тур де Франста» олжа салған алғашқы велошабандоз атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Биылғы турдағы  алғашқы таулы кезеңде шабандоздар үш бірдей бірінші категориялы және жоғары дәрежелі тағы бір асуды бағындырды. Мәре сызығын бірінші қиған  Алафилипп жарыс жолын 4 сағат, 25 минут 27 секундта еңсерсе, көмбеге оның ізі ала жеткен Ион Исагирре (Испания, Bahrain Merida) — +1 минута 34 секундқа қалып қойды.

«Астананың» лидері Якоб Фульсанг 10-кезеңнің нәтижесі бойынша жалпы есептегі жағдайын едәуір түзетіп алды. Қазақстандық команданың капитаны генералдық тізімде әзірге төртінші орында келеді.

«Тур де Франс-2018». 10-кезең . Анси — Ле Гран-Борнан

1. Жулиан Алафилипп (Франция, Quick-Step Floors) — 4 сағат 25 минут 27 секунд

2. Ион Исагирре (Испания, Bahrain Merida) — +1 минут 34 секунд

3. Рейн Таарамае (Эстония, Direct Energie) — +1.40.

Үстіне сары жейде киген велодода лидері  Грег ван Авермат (Бельгия, ВМС) жалпы есептегі жағдайын нықтай түсті. Екінші орында Британиялық Герайнт Томас  (+2.22) , ал үшінші сатыда әзірге испаниялық шабандоз Алехандро Вальверде  (+3.10).

 

Пікір жазыңыз