Көпкүндік супервеложарыс «Тур де Франстың» төртінші кезеңінде колумбиялық шабандоз Фернандо Гавирия (Quick-Step Floors) мәре сызығын бірінші кесті, деп хабарлайды SportX.kz
Фернандо Гавирия биылғы турда осымен екінші рет жеңіске жетіп отыр.195 шақырымды құраған төртінші кезеңнің тағдырын мәре алдындағы спринтерлік бәсеке шешіп берді. Көмбеге санаулы метрлер қалғанда бір-бірімен үзеңгі қағысып жарысқан спринтерлер арасында Фернандо Гавирия үздік шықты. Мәреге он алтыншы болып жеткен бельгиялық Грег ван Авермат (BMC) үстіндегі лидердің сары жейдесін сақтап қалды. Отандық «Астана» велоклубы сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Алексей Луценко, 21 -орыннан табылды.
4- кезең. Ла-Боль – Сарзо, 195 км
1. Фернандо Гавирия (Колумбия, Quick-Step Floors) — 4:25.01.
2. Петер Саган (Словакия, Bora–Hansgrohe) — сол уақыт.
3. Андрей Грайпель (Германия, Lotto Soudal)…
Общая классификация. После 4-го этапа
1. Грег Ван Авермат (Бельгия, BMC) — 13:33.56.
2. Тиджей Ван Гардерен (АҚШ, BMC) — то же время.
3. Герейнт Томас (Ұлыбритания, Sky) — +0.03.