Тректегі шабандоздар жарысы

Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен еліміздің ұлттық чемпионаты жалауын көтерді. Тректегі велошабандоздар додасы 3-тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды SportX.kz.

«Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан биылғы чемпионатқа еліміздің шартарабынан 100 ден астам үміткерлер жиналыпты. Биылғы жарыстың сипаты басқаша. Өйткені оза-шауып бәйге алғандар әлемдік байрақты додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Демек, велотректегі теке-тірестер тартысқа толы болатын түрі бар.

Пікір жазыңыз