Тоқмейілсуге әлі ерте

Футболдан Еуропалық лиганың екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында Алматының «Қайраты»  голландиялық «АЗ Алкмаардың» қақпасына жауапсыз қос доп соқты, деп хабарлайды  SportX.kz .

Бастама жаман емес. Алғашқы бәсекеде екі гол соғып, өз қақпасын берік ұстаған «Қайраттың» жеңісі, қарымта матч алдында көңілге едәуір сенім ұялататындай. Алматыдағы ойын алаң иелері үшін сәтті басталып, кездесудің 12-минутында  Адринсеола Эсеола орындалуы жағынан сондай бір керемет шыққан голдың авторы атанды. Аяғына допты ілген бойы жол-жөнекей бірнеше футболшыны алдап өткен украйналық легионер, қас шабуылшы ретінде жеке басының шеберлік деңгейін таныта алды.

«Қайраттың» белді ойыншысы екінші таймда тағы да көзге түсті. Бұл жолы позиция таңадуда керек жерінен табылған Эсеола, жақын жерден мүлт кетпеді. Сонымен алғашқы матчты көңілден шығатын нәтижемен аяқтадық. Енді алдымызда қарымта матч күтіп тұр. Бұл есепке тоқмейілсуге әлі ерте. «АЗ Алкмаар» өз жөнін білетін, қиын-қыстау сәттерден жолын тауып жүрген команда. Екі клуб арасындағы екінші кездесу бір аптадан соң Голландияда өтеді. Осы жұптың жеңімпазы чехиялық «Сигма» клубымен кездесуге мүмкіндік алады.

Пікір жазыңыз