Теміртаулық хоккейшілер сырт алаңда «Номадтан» ұтылды
Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмағанымен екінші жиырма минуттықта тізгінді мықтап қолға алған алаң иелері қонақтардың қақпасына жауапсыз төрт шайба тоғыта алды. Мәселенің басын шешіп алған «Номад» одан әрі аспай-саспай матчтың соңын күтсе, теміртаулық хоккейшілер реті келсе таблодағы есепті қысқартуға күш салып бақты. Нәтижесінде бір шайбамен жауап қайтара алған «Теміртаудың» сапында Королинский көзге түсті.
«Номад» (Астана) – «Теміртау» (Теміртау) 4:1 (0:0, 4:0, 0:1)
1:0 — Ипатов (Рунов, Ибрайбеков) — 20:43
2:0 — Гурков (Гренц, Ибрайбеков) — 29:46
3:0 — Гурин (Яковлев, Евдокимов) — 37:22
4:0 — Королинский (Гренц, Гурков) — 37:56
4:1 — Волков (Борисевич) — 49:47