Ташкенттегі турнирдің жүлде қоры- 226 750 долларға тең

Өзбекстан астанасы Ташкентте жүлде қоры 226 750 долларды құрайтын теннис турнирі жалғасуда, деп хабарлайды SportX.kz.

Жартылай финалдың бірінде  ресейлік теннисші Анастасия Потапова украйналық Катерина Козловадан мерейін асырды. 58 минутқа жалғасқан екі сеттегі бәсеке (6:2, 6:3) есебімен аяқталды. Жаңа ғана екінші жартылай сынның нәтижесі белгілі болды. Ресейлік Маргарита Гаспарян мен германиялық Мона Бартель арасындағы үш сетке созылған бәсеке аса тартысты өтті. Алғашқы сетте 4:6 есебімен Бартель алға шықса, келесі сетте 6:1 есебімен ресейлік теннисші үздік шықты. Дегенмен шешуші сетте таразы басын өзіне аудара білген 24 жасар  Маргарита Гаспарян,Ташкент опеннің бас жүлдесі үшін отандасы Анастасия Потаповамен кездесетін болды.

Пікір жазыңыз