Талғат Жайлауов «Торпедоға» ауысты

«Барыстың» сапында өнер көрсетіп келген Талғат Жайлауов Өскеменнің «Торпедосына» ауысты, деп хабарлайды SportX.kz.

33-жастағы хоккейшімен жасалған келісім шарт  бір жылдық мерзімге есептелген. Биылғы маусым өскемендік клубтың түлегі «Барыс» (КХЛ) сапында 43 ойын өткізіпті. Көрсеткіші де жаман емес. Тоғыз гол салып, бес рет нәтижелі пас шығарған.

Бүгін Жайлауов «Алтай Торпедо» сапында алаңға шығады. Оның командасы Қазақстанның ашық чемпионаты аясындағы матчта астаналық «Номад» клубымен кездеседі.

.

Пікір жазыңыз