Оңтүстік Кореяда таэквондодан Ким Ун Ен атындағы халықаралық турнир басталды. Дәстүрлі жарыста әлемнің 56 елінен 3300 жуық спортшылар өнер көрсетуде, деп хабарлайды SportX.kz.
Ким Ун Ен корей халқының ұлттық спорты таэквонданың өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан азамат. Оның тікелей атсалысуы нәтижесінде 1980-жылы таэквондо өнері олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді.
Аталмыш турнирде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар әлемдік рейтинг кестедегі жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде Токио олимпиадасының жолдмасына бір табан жақындай түседі. Биылғы турнирде Алматы облысынан үш спортшы бақ сынауда. Үшеуі де жоғары орындардан үмітті. Басты мақсат рейтингтерін көтеріп, 2020 жылғы жазғы олимпиадалық ойындардың жолдамасына қолды ету болып табылады.