Таеквондошы Смайыл Дүйсебай Азия чемпионына есе жіберді

Сериялық жарыстардың басын құрайтын Гран-придің қорытынды додасында бақ сынауға мүмкіндік алған жалғыз спортшымыз Смайыл Дүйсебай қола медаль үшін таласады, деп хабарлайды SportX.kz.

87 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі белді таеквондошымыз Смайыл Дүйсебай жартылай финалда Азия чемпионы кореялық Кю До Иннен жеңілді. Дегенмен жүлдеден үмітіміз бар. Жерлесіміз Біріккен Араб Әмірліктері елінде өтіп жатқан Гран-придің ақтық кезеңі аясындағы жарыстың қола жүлдесі үшін таласады. Бұл сында Смайыл Дүйсебай ирандық шебермен күш байқасады.

.Ертең жарыс кезегі Әлем кубогы жолындағы командалық додаға өтеді. Бұл сында ел нымысын — Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров, Рахым Әділханов сынды жігіттер қорғаса, аралас (микс) бәсекеден өтетін командалық жарыста- Қазыбек Бахтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз төрттігі өнер көрсететін болады.

Пікір жазыңыз