Супервелодода чемпионын жерге атып ұрған кім?

«Тур де Франстың» 17-кезеңінде күтпеген оқиға орын алды. Полиция қызметкері абайсызда гранд-турдың төрт дүркін чемпионы Крис Фрумды жерге атып ұрған, деп хабарлайды  SportX.kz.

Той болған соң, мұндай қызықтар болып тұрады. Жарыс аяқталып, шабандоздар тарқай бастаған тұста, тау етегінде күткен автобусты бетке алған Крис Фрумды жанкүйердің біріне теңеген тәртіп сақшысы оны велосипед үстінен жұлып алған. Өздеріңіз де көріп жүрген боларсыздар, жол бойын жағалай тұрған жанкүйерлер, кей кездері жарыс барысына кедергілерін тигізіп жатады. Үстіне жаңбырға арналған сұр күртеше киген Фрумды, жандарм солардың бірімен шатастырып алыпты. Бәрінен де  сақшының жолына басқа емес «Тур де Франстың» ең атақты, ең үздік шабандозы тап болғанын айтсаңызшы. Абырой болғанда британиялық шабандоз дін-аман.

 

 

 

 

Пікір жазыңыз