Sky Sports каналы «Барселона» әзірден бастап Луис Суарестің орнын басатын футболшылар тізімін анықтап қойғанын айтады. Клуб басшылары 31 жастағы уругвайлық футболшының келесі маусымды жоғары деңгейде өткізе алатынына күмәнмен қарайды, деп хабарлайды. SportX.kz.
Суаресті алмастыратын негізгі кандидаттар ретінде «Тоттенхэмнің» лидері Харри Кейн мен «Ливерпульдің» шабуылшысы Роберто Фирминьо тіркелген. Ол екеуінен басқа қосымша тізімге «Интердің» шабуылшысы Мауро Икарди мен «Лейпцигтің» сұрмергені Тимо Вернер еніпті.