Шыңғысханның Америкаға жорығы

Жеңілістің ащы дәмін татпаған кәсіпқой боксшыларымыздың бірі — Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО). Мұхит асқан қазақ батыры кезекті жекпе-жегін америкалық жампоз Джастин Джонсонға (6-17-6) қарсы өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Шыңғысхан мұның алдында  Америкада тұратын кубалық боксшы Ясмани Педросомен кездеседі деген ақпарат шыққан. Мерзім таяған тұста, кубалықты жергілікті былғары қолғап шебері Джастин Джонсонға алмастырыпты.

Қарсыластар матч алдында таразыға тартылу рәсімінен өтті. Тәжібайдың салмағы 145,9 , ал Джонсондікі -144,7 фунт болып шықты. Жалпы жартылай орта салмақ (66,6 келі -147 фунт) дәрежесіндегі лимитке сәйкес боксшылар салмағы 147 фунттан аспауы тиіс.

Алты раундқа жоспарланған бәсеке Филадельфияда (Пенсильвания штаты) өтеді. Шыңғысхан өзінің соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен америкалық Айзек Фримэннен (3-7-1, 3 КО)  басым түскен болатын.

 

 

Пікір жазыңыз